Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Абай облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында Қарауыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлерін түсіндіріп, одан сақтану жолдарын жан-жақты баяндады. Әсіресе, жеке деректер мен банк карталарының мәліметтерін бөгде тұлғаларға берудің қауіптілігіне ерекше назар аударылды.Тұрғындарға онлайн сатып алулар кезінде тексерілмеген сайттардан аулақ болу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сенбеу қажеттігі ескертілді.
Аталған профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және интернет кеңістігінде өз қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады.