Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция халыққа 76 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

Павлодар облысында полиция халыққа 76 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, құжаттар беру, көлік құралдарын тіркеу, заңнама талаптарының сақталуын қадағалау және өзге де әкімшілік сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер ішінде ең көп сұранысқа ие — көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру қызметі. Ал сұраныс бойынша екінші орында — мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің көшірмесін беру, бұл қызметті шамамен 1,5 мың адам пайдаланған. Сонымен қатар осы жылдың басынан бері азаматтық қару айналымы саласында 1949 қызмет көрсетілген.

Департамент басшылығы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсетуге басымдық беріп отыр. Қызметтердің электрондық форматта ұсынылуы процесті айтарлықтай жылдамдатып, оның тиімділігін арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Полиция қызметкерлері әрбір азаматқа жекелей көзқараспен қарап, қолданыстағы заңнама нормаларын, қабылданған шешімдерді және шағымдану тәртібін жан-жақты әрі түсінікті түрде түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру