Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам мас күйде телефон ұрлаған

Астанада ер адам мас күйде телефон ұрлаған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полицейлер күндізгі уақытта тұрақта тұрған ГАЗель көлігінен телефон ұрлау дерегін ашты.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 32 жастағы ер адам алкогольдік мас күйде көшеде келе жатып, есігі ашық тұрған автокөліктің алдыңғы орындығында қуаттауға қойылған телефонды байқап қалған. Көлікте дабыл жүйесі болмаған. Күдікті бұл мүмкіндікті жіберіп алмауды жөн көріп, телефонды алып, оқиға орнынан жасырынып кеткен. Салдарынан көлік иесіне 50 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер оның жеке басын жедел анықтап, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұстады.

Полиция автокөлік иелеріне қарапайым, бірақ тиімді қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Көлік тіпті қысқа уақытқа тоқтаған жағдайда да оның есігінің жабық екенін және дабыл жүйесінің қосулы тұрғанын тексеріңіз. Құнды заттарды — әсіресе гаджеттерді, әмияндар мен құжаттарды — көзге көрінетін жерге қалдырмаңыз, себебі олар күдіктілердің назарын аударуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру