Қызылордада ортақ пайдаланылатын орындарды ластағандар жауапқа тартылды
Қызылордада ортақ пайдаланылатын орындарды ластағандар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада ортақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала аумағында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 1337 құқық бұзушыны анықтады
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 1337 тұрғынды анықтап, жауапқа тартты.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434 бабының 2 бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.