ІІМ ескертеді: жолдағы артық жылдамдық – басты қауіп көзі
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге жолдағы жылдамдықты сақтаудың маңыздылығын кезекті рет ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың алты айында ел жолдарында жылдамдықты асырып жүрудің үш миллионнан астам дерегі тіркелген.
Жылдамдық режимін сақтамау жол-көлік апаттарының басты себептерінің бірі болып отыр. Атап айтқанда, жарты жылда елді мекендерде жылдамдықты арттыру салдарынан 1129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 95 адам қаза тапты. Ал республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 986 апат болып, 180 адам көз жұмды.
Жолдағы жауапкершілікті еске салу мақсатында полиция әлеуметтік бейнеролик жариялады. Онда тек жүргізушінің емес, басқа да адамдардың тағдырына әсер ететін бір әрекеттің салдары көрсетіледі.
ІІМ жылдамдық режимін сақтау жай ғана талап емес, әр адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды ереже екенін атап өтеді.