Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының Қозыкеткен ауылында полиция қызметкерлері күмән тудырған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Құқық қорғау органдарының күдігі расталып, жүргізуші медициналық куәландыру нәтижесінде мас күйде көлік басқарғаны анықталды.

– Аталған азаматқа қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшіншара қолданылды. Іс сотта қаралып, оның нәтижесі бойынша тәртіп бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Мотоцикл мамандандырылған тұраққа қойылды, – деп мәлімдеді Успен аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Мускенов.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлікті мас күйде басқармауға және басқа да қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

"Заң және Тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін ішкі істер органдары жұмысының басты негізі. Әрбір құқық бұзушылық жауапсыз қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру