Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер павлодарлықтарды үй жануарларын қараусыз жібермеуге шақырды

Полицейлер павлодарлықтарды үй жануарларын қараусыз жібермеуге шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ертіс ауданында жол қауіпсіздігі мен ауыл тұрғындарының тыныштығын бұзатын бақылаусыз жүрген малдар мәселесі өзекті болып отыр. Қараағаш ауылы маңындағы автожолда учаскелік инспектор иесіз, еркін жайылып жүрген 25 бас малды анықтады. Бұл жағдай жүргізушілер үшін үлкен қауіп төндіретіні сөзсіз.

Ал Ертіс ауылында бір тұрғын ауыл ішіне жылқыларын жіберіп, олар аумақты ластап, елдімекенді абаттандыру тәртібін бұзған. Ауыл тұрғындары бұл әрекетке наразылық білдіруде.

– Ауылда серуендеп жүріп, жылқылардың аулаларды қалай ластап кеткенін көргенде көңілім құлазыды. Неге мен лас ауамен тыныстап, олардың артынан тазалауым керек? – дейді  жергілікті тұрғын.

Полицияға түскен шағым негізінде учаскелік инспекторлар мал иелерін анықтап, оларды ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Павлодар облысы Ертіс ауданы ЖПҚ бастығы Атығай Айғазиновтың айтуынша, жыл басынан бері бақылаусыз жайылып жүрген 96 бас мал арнайы мамандандырылған тұраққа қамалды. Осы уақыт аралығында 56 мал иесі жауапқа тартылған.

Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру