Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер арасында самбодан жарыс өтті

Алматыда қаза тапқан полицейлерді еске алуға арналған самбодан жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінде 2016 жылы шілдеде Арман Куликбаев жасаған терактіде қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған самбодан жарыс өтті.

Іс-шара ҚР ІІМ-нің құқық қорғау және арнайы ведомстволары қызметкерлері арасындағы XII спартакиадасына дайындық аясында, сондай-ақ "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жарысқа 13 команда қатысты. Барлығы 81 спортшы, оның ішінде 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 7 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 31 спорт шеберіне үміткер.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
* І орын – Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командасы;
* ІІ орын – Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкі;
* ІІІ орын – Алмалы аудандық полиция басқармасы.

- Бұл жарыстар - жай ғана спартакиадаға дайындық кезеңі емес. Бұл – бейбіт тұрғындарды қорғай жүріп, өмірін қиған әріптестеріміздің рухына тағзым. Жантүршігерлік лаңкестік оқиғадан бері тоғыз жыл өтсе де, қаза болған полиция қызметкерлерінің есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Мұндай шаралар ұжымның рухы мен ынтымағын нығайтады, төзімділік, ерік-жігер мен дайындықты қалыптастырады, - деді, Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстар жеке құраммен тәрбие және патриоттық жұмыс жүргізудің маңызды бөлігі болып табылады, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін насихаттауға арналған тиімді алаң болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру