Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай мерейтойы: Қауіпсіздік – басты назарда

Ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған басты мерекелік шаралар өтіп жатқан Қарауыл ауылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірнеше өңірдің полиция қызметкерлері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған күндері Абай облысына мыңдаған қонақ, соның ішінде шетелдік туристер де келіп жатыр. Құқық қорғау органдарының басты мақсаты – әрбір азаматтың мерекелік іс-шаралардан жайлы әрі қауіпсіз жағдайда әсер алуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатта төрт өңірдің полиция қызметкерлерінен құралған өңіраралық біріккен жасақ құрылды. Жалпы саны 500-ден астам тәртіп сақшылары мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысуда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан – 64, Павлодар облысынан – 63 және Қарағанды облысынан – 33 полиция қызметкері тартылған.

Тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ерекше назар халық көп жиналатын орындарға, жаяу жүргіншілер жолақтарына және негізгі автожолдарға аударылған. Жаяу және автопатрульдер, тірек бекеттер мен жедел әрекет ету топтары кез келген жағдайда жедел көмек көрсетуге толық дайын.

Полицейлердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтары Абай мұрасына арналған рухани-мәдени шараларға тыныш әрі қауіпсіз жағдайда қатысып, мерекенің мәнін сезіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру