Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді жеңістерімен құттықтады

Қызылорда облысы ПД бастығы спортшы полицейлерді жеңістерімен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов әрқашан жеке құрамға қолдау көрсетіп, еңбегіне қарай мақтап-марапаттап отырады. Мұның барлығы полицейлер үшін үлкен демеу, ынталандыру. Осы орайда бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы С.Ергешов спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған тәртіп сақшыларына тиісті марапаттарын табыстады. Аталған жарыстарға Қызылорда облысы полиция департаментінің атынан жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қатысып, полиция имиджін көтеруге үлкен үлесін қосты. Олар спортты серік етіп шыныққан, қиын да қауіпті қызметі мен жаттығуды қатар алып жүрген батыр полицейлер.

Осы жылғы 18-20 маусым аралығында Петропавл қаласында өткен “Қазақ күресінен” Ішкі істер министрлігі чемпионатында 90 кг салмақта І орын алған Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Еңбек Сақтағанов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, алтын жүлдегер атанып, абыроймен оралды.
Сонымен қатар осы жарыста 82 кг салмақта ІІІ орын алып, 31 шілде - 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында “Самбо” күресінен 79 салмақта жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Алтай Дінмұхамед ІІ орынға қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру