Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция қызметкерлері Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған рухани шараға қатысты

Павлодарда полиция қызметкерлері Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған рухани шараға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби-мәдени кеш өтті.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл игі шараға Павлодар қалалық полиция басқармасының қызметкерлері де арнайы қатысып, рухани басқосуға өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Абайдың терең мағыналы, ойға толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның даналыққа толы сөздері мен ұлттық құндылықтардың маңызы жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Осындай мәдени-рухани кездесулерге ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуы — олардың қоғаммен етене байланысын, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие сіңіруге мән беретінін айқын көрсетеді.

Абай мұрасын дәріптеу – ұлт тәрбиесінің темірқазығы, ал оны ұлықтау – әрбір азаматтың қасиетті парызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру