Абай мерейтойында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Абай Құнанбайұлының мерейтойында мыңнан астам полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған басты салтанат өз шарықтау шегінде өтуде. Мерекенің қауіпсіз әрі тәртіппен өтуін қамтамасыз ету үшін мыңнан астам полиция қызметкері тәулік бойы қызмет атқаруда.
Олар халық көп жиналатын алаңдарда, көшелерде, ескерткіш кешендер мен мәдени нысандарда патруль жүргізіп, жол қозғалысын реттеп, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуде.
— Қауіпсіздік – басты назарда. Мерейтойға келген қонақтар мен тұрғындардың, соның ішінде шетелдік туристердің жайлылығы үшін тірек бекеттері мен жедел топтар ұйымдастырылды, — дейді Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.
Абай елінің мерейтойы – бірліктің, тәртіп пен бейбітшіліктің мерекесі.