Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер шетел азаматына көмектесті

Маңғыстау облысында патрульдік полицейлер шетел азаматына көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін республикалық Шетпе — Сайөтес — Бейнеу тас жолында Маңғыстау облысының патрульдік полиция қызметкерлері Сайөтес ауылына қарама-қарсы жол жиегінде жүрген және Ақтау қаласына қарай қозғалысын жалғастыра алмаған Қытай Халық Республикасының азаматы - мотоциклшіні байқады.

Полиция тоқтау себебін анықтау үшін шетелдіктен себебін сұрайды. Әңгімелесу барысында туристің мотоциклінің дөңгелегі жарылып кеткені және оның баратын жеріне өз бетінше жете алмағаны анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері ГАЗель жүк көлігін тоқтатып, жүргізушімен шетелдік туристі мотоциклмен бірге Ақтау қаласына жеткізу туралы келісті.

Бұл жағдай полицияның басты міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сондай-ақ азаматтығына қарамастан қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету екенін тағы да растайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру