Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мәселелері талқыланды

БҚО-да сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында сотталғандардың еңбегін тиімді ұйымдастыру мәселесіне арналған жұмыс кездесуі өтті.

БҚО бойынша ҚАЖ департаменті бұл кездесуді "Alageum" Орал трансформатор зауытының өкілдерімен және №28 мекеме базасында трансформатор бөлшектерін өндірумен айналысатын кәсіпкермен бірлесіп ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – өзара іс-қимылды жолға қою және өндіріс көлемін арттыру арқылы жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өндірістік қуаттылықты арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіптік дағдыларын дамыту және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.

ҚАЖД мекемелерінде өндірісті ұйымдастыруға бизнес өкілдерін тарту – қайталама қылмыс деңгейін төмендетіп, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру