Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жоғалған екі баланы полиция Теміртаудан аман-есен тапты

Қарағандыда жоғалған екі баланы полиция Теміртаудан аман-есен тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне кешкі уақытта екі кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны жөнінде хабар түсті. Анасының айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 6 жастағы ұлы аулаға ойнауға шығып, үйге қайта оралмаған.

Оқиға орнына дереу ювеналды полиция қызметкерлері аттанды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары 33 жастағы әйелді қатты мас күйінде үйінде ұйықтап жатқан жерінен тапты. Үйде оның таныс әйел де болған, ол балалардың сыртқы келбетін сипаттап берді.

Полиция дереу іздеу шараларын бастады. Балалардың толық сипаттамасы бар бағдарлама Қарағанды облысының барлық полиция бөлімшелеріне таратылды. Қаланың жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, іздеу топтары адамдар көп жиналатын орындарды, жертөлелерді, шатырларды және қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Көп ұзамай балалардың көршілес Теміртау қаласында екендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Ювеналды инспекторлар олардың бірінің әкесімен байланысып, жағдайды түсіндірді және қамқорлық мәселесін шешу үшін келуді ұсынды. Ал мас күйіндегі ана уақытша детоксикация орталығына жеткізілді. Есін жиған соң, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі уақытта полиция балалардың ересектердің еріп жүруінсіз өзге қалада қалай жүргенін анықтап жатыр. Айта кету керек, бала іздеу операциясына 500-ге жуық адам – ювеналды полиция, учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция, кинологтар, әскери қызметшілер және волонтерлер қатысты. Биылдың өзінде облыс полицейлері 25 жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру