Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция мектеп оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді

Жетісу облысында полиция мектеп оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу ауданында Жетісу облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алдабергенов атындағы мектеп оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өткізді. Іс-шараға жоғары сыныптың 50-ден астам оқушысы қатысты.

Кездесу барысында полицейлер оқушылармен құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, буллингтің, нашақорлықтың және жастар арасындағы өзге де жағымсыз құбылыстардың алдын алу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жасөспірімдердің өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Тәртіп сақшылары оқушыларды айналасына мұқият болуға, бөтен ықпалға ермеуге және әрдайым заңға бағынатын жолды таңдауға шақырды.

— Жасөспірімдер арасындағы профилактика — жай ғана әңгіме емес, бұл дұрыс өмірлік бағдар қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс. Біздің міндетіміз — жастарға қауіпсіздік, білім және жарқын болашақ жолында саналы таңдау жасауға көмектесу, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Дәріс аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған отбасылардың мекенжайларын аралады. Тексеру барысында ата-аналармен және жасөспірімдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалар тәрбиесіне, олардың бос уақытын бақылауды күшейтуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру