Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция электр самокат пайдаланушыларға үндеу жасады

Алматыда полиция электр самокат пайдаланушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта электр самокаттарын пайдалану кезінде заң бұзушылықтар жиілеп отыр. Полиция бұл көлік түрін басқару ерекше жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететінін ескертеді.

Қолдану ережелерін бұзу және самокаттарды ретсіз тұраққа қою жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мобильді топтармен бірлесіп, қала көшелерінде тұрақты патруль жүргізуде.

Жаяу жүргіншілердің немесе көлік қозғалысының еркін қозғалуына кедергі келтіретін, сондай-ақ самокаттарды тротуарлар мен жол бойына қою деректері анықталған жағдайда, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция ата-аналарға да арнайы үндеу жасайды: балаларға электр самокат айдауға рұқсат бермеңіздер – бұл олардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп. Заң кәмелетке толмағандарды тиісінше қадағаламағаны үшін ата-аналарға да әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

- Электр самокат пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға және Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамыз, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру