Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларының күшейтілгенін еске салды

Алматыда полиция әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларының күшейтілгенін еске салды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер Министрі жариялаған полиция “Заң мен тәртіп” ұранымен өтетін “Профилактика жылы” аясында әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды жалғастырып келеді.

— 2024 жылғы сәуір айында Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жауапкершілікті күшейтетін заңдарға қол қойғанын еске саламын. Енді денсаулыққа әдейі жеңіл зиян келтіру, соның ішінде ұрып-соғу әрекеттері әкімшілік құқықбұзушылықтан қылмыстық іске ауыстырылды. Алматы қаласы полиция департаментінің бөлімшелерімен осы қылмыстарды жасағаны үшін 32 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, 38 адамға қатысты ерекше мінез-құлық талабы қойылды, 16 адамға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды, ал 90 адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды, – деді, Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Салтанат Хишанло.

Полиция азаматтарға үндеу жасайды: егер сізге немесе жақындарыңызға қауіп төніп тұрса, дереу полицияға жүгініңіз. Зорлық-зомбылықты жасыруға болмайды. Мұндай жағдай – шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін білдіретін сигнал.

— Алматы қаласының полициясы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жолында әрі қарай да батыл әрі қағидатты түрде әрекет етеді.
Біздің міндетіміз – әр үйде тыныштық, қауіпсіздік және өзара құрмет орнауын қамтамасыз ету, – деді, ПД-да.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру