Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер есірткі айналымының алдын алу бағытында түзеу мекемесін тексерді

Атырауда полицейлер №66 түзеу мекемесін тексеріп, есірткі айналымының алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында "Қарасора-2025" жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Шара аясында Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №66 түзеу мекемесін тексерді. Тексеру арнайы үйретілген қызметтік және іздестіру иттерін пайдалана отырып өткізілді.

Іс-шара барысында мекеме аумағындағы автокөліктер мен күдіктілер ұсталып отыратын бөлмелер мұқият қаралды. Мақсат – өңірге тыйым салынған есірткі және психотроптық заттардың жеткізілуіне жол бермеу, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына тосқауыл қою.

Профилактикалық тексеру нәтижесінде №66 түзеу мекемесінде күдік тудыратын заттар анықталған жоқ.

Полиция бұл бағыттағы жұмыстардың күн сайын тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру