Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жол апатының алдын алу мақсатында профилактикалық шара жүргізілуде

Астана - Қарағанды трассасының Осакаров кентінің аумағында жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана - Қарағанды - Алматы автотрассасының 1128 шақырымында, Қарағанды бағытында, Осакаров кентінің маңында жолдың жүру бөлігі уақытша тарылды. Қозғалысты реттеу үшін арнайы техникалық құралдар орнатылды, бұл рұқсат етілген жылдамдықтың едәуір төмендеуіне әкелді – әдеттегі 140 км/сағ-тан 20 км/сағ-қа дейін.

Осындай шектеу Қарағанды қаласы жағынан Ақшатау кентінің жанында да қолданылады.
Шектеу аймағында автокөліктерді тоқтатуды жүзеге асыратын патрульдік полициясының қызметкерлері кезекшілік етеді. Жүргізушілер мен жолаушылармен жол ережелерін сақтау қажеттілігі және ұзақ сапарлар кезінде демалудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал оқиғаларға жедел ден қою үшін патрульдік полиция бекеті тәулік бойы, екі ауысымда жұмыс істейді.

Енгізілген шаралардың басты міндеті – трассаның осы бөлігіндегі апат қаупін азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Жаңа шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін барынша қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру