Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қоғамдық орындарда мас күйде болған азаматтар анықталды

Петропавлда демалыс күндері 10-нан астам мас адамды полиция ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр демалыс сайын Петропавлда тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері сапқа тұрғызу кезінде демалушылар көп шоғырланатын жерлерде жұмыс істеу жөнінде нақты нұсқаулар алады: қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу.

Демалыс күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауға облыстық полиция департаментінің жеке құрамы, оның ішінде жедел әрекет ету арнайы жасағы да жұмылдырылады. Тексерулер сауда-ойын-сауық орталықтарында және көңіл көтеру орындарында өткізіледі. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жалғасуда.

Жалпы өткен демалыс күндері жағдай тұрақты болды. Қаланың екі түнгі кафесінің маңынан мас күйде жүрген 10-нан астам адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Олар қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылды.

Апта сайынғы түнгі рейдтердің басты мақсаты – "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру