Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы аумағында қоқыс тастау деректері анықталды

Абай облысында қоғамдық орындарды ластаудың 2,5 мыңнан астам дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Абай облысында қоғамдық пайдалану орындарын ластаудың 2 522 фактісі анықталды.

Көбінесе мұндай құқық бұзушылықтар тұрғын үйлердің аулаларында, көшелерде, саябақтар мен демалыс орындарында тіркеледі. Азаматтар қоқыс, темекі тұқылдары мен шыны бөтелкелерді бей-берекет тастайды.

Барлық құқық бұзушылықтар бойынша құжаттар рәсімделіп, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заңды бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес жауапқа тартылып, оларға айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция департаменті тұрғындарға ескертеді: таза аула мен абаттанған көше – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру