Семейде психотроптық затпен ер адам ұсталды
Семейде психотроптық затпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Семей қаласының полицейлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.
Жеке тінту кезінде күдіктіден оқшаулағыш таспамен оралған, ақ ұнтақ зат салынған 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптама нәтижесінде аталған заттың психотроптық зат — 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он (α-PVP) екені анықталды. Заттың жалпы салмағы 15 граммды құраған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.