Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды

Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған зертхана анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсіруге байланысты заңсыз әрекет әшкереленді.

Мұнайлы ауданындағы елді мекендердің бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге жүргізілген тексеру барысында аулада есірткіге ұқсас өсімдіктерді жою әрекеті кезінде екі азамат ұсталды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жүргізген тінту барысында шаруашылық құрылысының ішінен арнайы жабдықталған есірткі өсіру зертханасы анықталды. Атап айтқанда, фитолампалар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электр генераторлары және қарасора өсімдігі тәркіленді.

Сонымен қатар өзге шаруашылық құрылысынан фольгаға оралған марихуанаға ұқсас заттың 15 данасы, электронды таразы, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар мен ноутбук табылды. Үй аумағынан қосымша өсірілген өсімдіктер де анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 31 келіге жуық марихуана екені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру