Жолда абай болыңыз: Екібастұзда полиция рейд жүргізді
Екібастұзда полиция өңірдің Шідерті және Шиқылдақ, Бәйет және Төрткұдық кенттерінде рейдтік іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтарды тоқтату және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әсіресе жасөспірімдер мен жастар жиі жүргізетін скутерлер мен мотоциклдердің қатысуымен болатын оқиғаларға тосқауыл қою.
Рейд барысында мемлекеттік тіркеусіз 8 скутер анықталды. Олардың иелерімен жолдардағы қауіпсіздік үшін көлікті тіркеудің маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізілді. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 11 ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардың тыныштығын бұзатын, олардың қауіпсіздігіне және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін қайта өңделген мотоциклдер мен скутерлерге ерекше назар аударды.
- Біз мұндай іс-шараларды үнемі өткіземіз, өйткені біздің басты міндетіміз – азаматтардың, әсіресе балалар мен жастардың өмірі мен денсаулығын сақтау. "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар белгіленген тәртіппен жауапқа тартылатын болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - дейді полицейлер.