Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция пошта жөнелтілімдерін тексерді

Жетісу облысында полиция пошта жөнелтілімдерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан "Қарасора – 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жетісу облысында есірткі құралдарының таралу арналарын анықтау мен жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы мамандарымен бірлесіп, "Қазпошта" АҚ бөлімшесінде тексеру жүргізді. Іс-шара барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен келіп түскен және жөнелтілгелі жатқан пошта сәлемдемелері мұқият тексеріліп, тыйым салынған заттардың бар-жоғы анықталды.

Іс-шараның басты мақсаты – пошта арқылы есірткі тасымалдау фактілерінің алдын алу ғана емес, сондай-ақ азаматтарды есірткі айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету. Түсіндіру жұмыстары барысында пошта қызметкерлері мен тұрғындарға есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және тарату үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.

"Қарасора – 2025" аясындағы алдын алу шаралары өңірдегі өзге де мекемелерде, қоғамдық орындарда жалғасын табады. полицейлер әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауына жауапты екенін ескертеді. Қоғамдық қауіпсіздіктің негізі – әрбір адамның қырағылығы мен құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастығында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру