Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында азаматтар полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Павлодар облысында азаматтар полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Оның ұлы ұрылардың құрбаны болған еді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Гүлден Адамова мен Арман Баламергеннің жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында ұрланған ұялы телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Алғыс хат иесі өз сөзінде полицейлердің кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті:

- Сіздер мұқияттылық танытып, жоғары кәсіби деңгейлеріңізді дәлелдедіңіздер. Азаматтарды қорғап, әділдікті қалпына келтіргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық пен қызмет жолдарыңызда табыс тілеймін, – деп жазған.

Осындай игі істер полиция қызметінің тек қылмыстарды ашуға ғана емес, сонымен қатар қоғам сенімін нығайтуға бағытталғанының айқын көрінісі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру