Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

Алматы облысында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері департамент жанындағы алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелерімен бірлесіп, есірткі қылмыстарын болдырмауға және олардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді. Онда Алматы облыстық мәслихатының депутаттары мен аталған кеңестің белсенді мүшелері болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ республикалық алдын алу кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Орынбасаров қатысты.

Іс-шаралар ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №10, №57, №14 және №12 түзеу мекемелерінде өтті.

Кездесу барысында қатысушылар есірткінің таралуының алдын алу, сотталғандарды оңалту және қоғамды есірткі қатеріне қарсы іс-қимылға тарту мәселелерін талқылады. Азаматтардың тыйым салынған заттарды қолдануға және сатуға қарсы берік ұстанымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

– Бүгінгі күні есірткі қылмысына қарсы күрес жүргізумен қатар жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізу де аса маңызды. Алдын алу жөніндегі Кеңес полиция, депутаттар, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін тиімді алаңға айналды. Тек бірлескен әрекет арқылы ғана тәуекелдерді азайтып, қоғамымызды есірткі қауіпінен қорғауға болады, – деп атап өтті полицейлер.

Ведомство мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған Кеңестің кешенді жұмысының бір бөлігіне айналатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру