Екібастұзда тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді
Екібастұзда тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұзда ЖШС өкілі ПБ бастығы Төлеген Құдайбергеновтың жетекшілігіндегі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
— Олар біздің өтінішімізге жедел әрекет етіп, күдіктіні анықтап, қысқа мерзімде қымбат жабдықтың орналасқан жерін анықтап, Қарағанды облысынан тауып, тәркілеп, бізге қайтарып берді, – деп жазды ЖШС өкілі.
“Заң мен тәртіп” қағидасы – ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысының негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді. Мұндай қолдау сөздері полиция қызметкерлері үшін ерекше маңызды. Азаматтардың пікірі біз үшін өте құнды.
— Әрбір алғыс – бұл атқарылған жұмыстың жоғары бағасы мен полиция қызметкерлеріне үлкен ынталандыру. Халықтың өзін қауіпсіз сезінуі мен полицияға сенім артуы үшін біз барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деп атап өтті полиция өкілдері.