Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция түнгі клубтарда рейдтік іс-шаралар жүргізді

Павлодар облысында полиция түнгі клубтарда рейдтік іс-шаралар жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы түнгі клубтардың біріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, келушілердің қауіпсіздігі және қызметкерлердің төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылға дайындығы басты назарда болды.

– Ойын-сауық мекемесінің күзет қызметі өкілдерімен профилактикалық әңгіме өткізілді. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары, жанжал жағдайлары туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ ықтимал құқық бұзушылықтар туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлау қажеттігі түсіндірілді, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Ілияс Саттуған.

Сонымен қатар полиция қызметкері төтенше оқиғалар немесе жанжал жағдайлары туындаған кезде полиция жасағын жедел шақыруға арналған дабыл түймесінің жарамдылығын тексерді. Тексеру нәтижесінде ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған келушілер, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған адамдар анықталған жоқ.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, адамдар көп жиналатын нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру