Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері қарттармен танымдық іс-шара ұйымдастырды

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Конституция күні қарсаңында қаланың белсенді қарттарымен танымдық іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ҚР ІІМ ҚАЖК №19 мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Семей қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қызмет алатын белсенді қарттарға танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік кездесу барысында мекеме қызметкерлері мен қариялар арасында жылы жүздесу өтті. Қызметкерлер арнайы дайындалған тақырыптық викториналық ойындар өткізіп, қарттардың білімін сынға салды, сондай-ақ музыкалық тартулар ұсынды. Викториналық сұрақтар еліміздің Ата Заңы — Конституцияның негізгі баптары мен тарихи кезеңдерін қамтыды. Қарттар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетіп, естеліктерімен бөлісті.

— Іс-шара арқылы еліміздің аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, оларды қоғам өміріне белсенді түрде тарту және патриоттық рухты нығайтуды көздедік, — дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

— Конституция күні — еліміздің ең басты құжатының қабылданған күні. Бұл күн — әрбір азамат үшін маңызды. Бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Атаулы мекеме қызметкерлері бізге үнемі қамқорлық танытып отырады. Орталықтың ашылу салтанатына үлкен залға арналған картина сыйлаған еді, — деді орталықтың меңгерушісі Омарова Меруерт.

Еске сала кетейік, атаулы орталықта барлығы 402 қарт қызмет алады. Орталықта қарттарға емдік дене шынықтыру, домбыра үйрету, психологиялық көмек, скандинавтық жүріс, актерліклік шеберлік пен вокал сияқты тегін қызметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру