Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер балалар арасында жол ережесін насихаттау жұмыстарын жүргізді

Алматы облысында полицейлер балалар арасында жол ережесін насихаттау жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыруға бағытталған акция өткізді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Себебі олардың ақпараттану деңгейі мен жолдағы сақтығы тікелей өмірі мен денсаулығына әсер етеді.

– Полицейлер балабақшаларды аралап, танымдық сабақтарды ойын түрінде ұйымдастырды. Мұндай шаралар балалардың қызығушылығын арттырып, жол ережелері туралы мәліметті жеңіл қабылдауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда да осындай ойын-сауық сабақтары өткізіліп, балалар алған білімін тәжірибеде бекіте алды, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Кішкентай қатысушыларға сыйлық ретінде ҚР ІІМ эмблемасы бейнеленген және QR-коды бар ойыншық патрульдік көліктер табысталды. QR-кодты сканерлегенде балалар патриоттық "Қазақ полициясы" әнін тыңдай алады. Бұл бастама профилактикалық жұмысты заманауи технологиялармен ұштастырып, балалардың ерекше қызығушылығын оятты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ полиция қызметінің әрқашан көмекке дайын екенін көрсету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру