Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД-ның жас қызметкерлері Конституция күні қарсаңында ант қабылдады

Абай облысында ҚАЖД-ның жас қызметкерлері Конституция күні қарсаңында ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінің қызметкерлерімен ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара мекеменің саптық алаңында басшылық пен жеке құрамның қатысуымен өтті.

Салтанатты жағдайда жаңа қызметкерлер елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, кәсіби міндеттерін атқаруға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға ант берді.

— Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыста табыс тілеймін. Ант-бұл жай ғана сөз емес, онда біздің мемлекетіміздің негізгі қағидаттары жатыр, - деп атап өтті № 20 мекеме бастығы Жеңісбек Дәуренбеков.

- Бүгін ант қабылдаған әрқайсымыз үшін бұл күн екі есе салтанатты болды. Мен осы оқиғаның жауапкершілігі мен маңыздылығын түсінемін және қызметте адал және кәсіби жұмыс істеуге ант етемін, — деп бөлісті Ақнұр Оралқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру