Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ер адамды тонаған күдіктілер қолға түсті

Елордада ер адамды тонаған күдіктілер қолға түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада Сарайшық аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ашық түрде тонау дерегіне қатысы бар үш азамат қолға түсті.

Тергеу барысында олардың түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келіп, күш қолдану арқылы 270 мың теңге ақшасын, Samsung үш телефонын, сондай-ақ жеке құжаттарын – паспорт пен жүргізуші куәлігін тартып алғаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру