Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен республикалық байқау жүлдегерлері бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін бірікті

СҚО-да полицейлер мен республикалық байқау жүлдегерлері бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін бірікті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды жол-көлік оқиғаларынан қорғау үшін оларға жолда жүру мәдениетін ерте жастан үйрету қажет. Бұл бағытта тәртіп сақшыларына жас жол инспекторларының жасақтары үлкен көмек көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында олардың саны 200-ден асады, құрамында 4 мыңнан астам оқушы бар. Тамыз айында Мамлют аудандық №1 мектеп-гимназиясының жасақ мүшелері Өскемен қаласында өткен жас жол инспекторларының халықаралық байқауында 3-орын алып, өңірдің абыройын асқақтатты.

Жас инспекторлар тек оқу жылы кезінде ғана емес, демалыс уақытында да белсенді жұмыс істейді. Мысалы, 25 тамызда басталған “Назар аударыңыз: балалар!” атты республикалық акция аясында мамлюттік жүлдегерлер Білім күні қарсаңында балабақшаға барып, бүлдіршіндерге көшені дұрыс кесіп өту жолдарын түсіндіріп, негізгі жол белгілерін үйретті. Ал бүгін өз мектебіндегі салтанатты жиында олар тәртіп сақшыларымен бірге бастауыш сынып оқушыларына ҚР ІІМ әзірлеген жол қозғалысы ережелеріне арналған бояу кітапшаларын үлестірді.

Жолда сауатты әрі қауіпсіз жүріс-тұрыс – өскелең ұрпақты “Заң және Тәртіп” қағидаты рухында тәрбиелеудің маңызды бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру