Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ардагерлер жас буынға отбасы татулығының маңызын түсіндірді

Атырауда ардагерлер жас буынға отбасы татулығының маңызын түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімі республикалық "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы аясында ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас қызметкерлерге жеткізу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесінде пікір алмасу болды.

Кездесу барысында ардагерлер қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, отбасы татулығын сақтау, ажырасудың алдын алу, ер мен әйелдің өзара сыйластығы мен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау жөнінде құнды кеңестер айтты. Олар отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғамдағы маңызын ерекше атап өтіп, жас буынға өнегелік бағыт-бағдар көрсетті.

Сонымен қатар бөлім инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасыдағы өзара сыйластық пен бірлікті сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру