ІІМ қарудың заңсыз айналымына қарсы: азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Оның шеберінде:
- заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды;
- қару жасырылған 12 қойма анықталды;
- "қаңтар" оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді: оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар;
- азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды.
- 21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.