Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция тұрғыннан шамамен бір келі марихуана тәркіледі

Астанада полиция тұрғыннан шамамен бір келі марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге қарсы 30 күндік кешенді іс-шаралар жоспары аясында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Сарайшык ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты ұстады. Оның саяжайынан полицейлер шамамен бір келі кептірілмеген шөп тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, марихуана есірткі затын қамтитын өсімдіктер болып шықты.

Анықталғандай, жас жігіт далада өсетін жабайы қарасораны жинап, кейін кептіріп, жеке пайдалану үшін сақтап келген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Арнайы қабылдағышқа қамалды. Өйткені, сараптамалық тексеру кезінде оның тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталды. Осыған байланысты ол сотшешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 10 тәуліктен соң, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға ескертеді: құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру – қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру