Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында балаларды қауіпсіз тасымалдау мәселесі талқыланды

Абай облысында балаларды қауіпсіз тасымалдау мәселесі талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция департаменті жалпы білім беретін мектеп директорлары және спорт ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып — балаларды қауіпсіз тасымалдау.

Полицейлер атап өтті: мектеп автобусы – жай ғана көлік емес, әрбір бөлшегі баланың өмірі мен денсаулығына жауап беретін қауіпсіздік аймағы болуы тиіс.

Негізгі назар аударылды: көліктің техникалық жарамдылығына, қауіпсіздік белдіктерінің, апаттық шығу есіктерінің және “Балалар” белгісінің болуына, жүргізушілердің дайындық деңгейі мен жауапкершілігіне.

Автобус жүргізушілеріне тәжірибелік ұсыныстар қамтылған арнайы жадынамалар табысталды. Оларға әрбір баланың тағдырына деген мұқияттылық пен тәртіптің маңыздылығы ескертілді.

— Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Тек мұғалімдер, ата-аналар және полиция бірлесе әрекет еткенде ғана жолдағы сенімді қорған құрылады, – деп атап өтті полиция департаментінде.

Мұндай кездесулер жүйелі түрде өткізіліп, білім беру саласының барлық өкілдері арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру