Астанада есептегі сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларына тексеріс жүргізілді
Астанада есептегі сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларына тексеріс жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылды “Профилактика жылы” деп жариялауына сәйкес, елімізде 2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара аясында қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, сондай-ақ қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Сарыарқа аудандық пробация қызметі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жанындағы жергілікті полиция қызметімен кешкі уақытта сотталған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында арнайы есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың салдары мен оларды болдырмау жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қоспақ.