Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облыстық ПД-да жедел қызметтің қорытынды жиыны өтті

Түркістан облыстық ПД-да жедел қызметтің қорытынды жиыны өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдық сала басшыларының қатысуымен маңызды жедел кеңес өтті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында жедел-қызметтің қорытындысы шығарылып, басым міндеттер айқындалды.
Президент Қ.Тоқаев атап өткендей: "Заң және тәртіп" – біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі". Онсыз заманауи және гүлденген қоғам құру мүмкін емес. Біздің басты міндетіміз - "Заң мен тәртіпті" қамтамасыз ету, қоғамда барлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің негізгі міндеттері мен тапсырмаларын жеткізді. Қылмысқа қарсы күреске, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ полиция жұмысын цифрландыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында департамент басшылығының қылмыстарды ашу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу нәтижелері туралы баяндамалары тыңдалды. Мәселен облыста қылмыс тіркелімі 7% - ға төмендеді. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 86,5% - ға жақсарды. Ұрлық 33,2% – ға, мал ұрлығы 26,6% – ға, бұзақылық 26,7% – ға және тонау 5,6% - ға азайды. Заңсыз айналымнан 8 бірлік қару және 488 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда және мас күйінде жасалған қылмыстар санының төмендеуі байқалады. Интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмысының алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және жол көлік оқиғаларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Облыстың бас полицейі жеке құрамның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыру, тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың, мал ұрлығының, зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол апаттарын азайту бойынша түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуге шақырды.

Кеңес соңында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіліп, кемшіліктер мен оларды жою жолдары қарастырылды. Сонымен қатар полиция қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу және оқу орындарындағы бейнебақылау камераларын полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктіру жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Қорытындылай келе, Мұрат Қабденов аппарат басшылығы мен қалалық және аудандық полиция бөлімі басшыларына патрульдеуді күшейтуді, сондай-ақ халық арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізуді және қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру