Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ЖБО камералары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда

БҚО-да жедел басқару орталығының камералары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі – жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау. Биылғы жылы осы жүйенің көмегімен 74 қылмыс әшкереленіп, 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында 34 мыңнан астам тұрғын үй, 439 жалға алынған пәтер, 3 805 саяжай үйі, сондай-ақ 826 шаруа қожалығы мен қыстақ тексерілді.

Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жалпы саны 1 318 адам бақылаудан өтті. Рейдтер кезінде 2 заңсыз сақталған қару тәркіленіп, 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Кәмелетке толмаған 16 жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүргені белгілі болды. Тұрақты мекенжайы жоқ 8 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен 164 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру