Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полицейлер жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде беріп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Орал қаласында полицейлер жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде беріп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесуге уәде беру арқылы жасалған алаяқтық фактісін ашты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 30 жастағы ер адамның азаматтардың сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуге уәде бергені анықталды. Ақшалай қаражатты алғаннан кейін ол уәделерін орындамаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ер адамның алаяқтықтың бес дерегіне қатысы бар екенін анықтады.

Азаматтарға келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция азаматтарды жүргізуші куәлігін алуға, емтихан тапсыруға немесе оны алу тәртібіне өзгедей жолмен ықпал етуге ақшалай сыйақы үшін "көмектесуді" ұсынатын адамдарға сенбеуге шақырады. Бейтаныс адамдарға ақша бермеңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру