Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 500-ге жуық мектепті тексерді

СҚО-да жаңа оқу жылы басталғалы полицейлер 500-ге жуық мектепті тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басталуымен мыңдаған бала жаяу жүргінші және жолаушы ретінде жол қозғалысына тұрақты қатысушыға айналды. Осыған байланысты 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысында "Назар аударыңыз,  балалар!" акциясы өтті. Оның мақсаты – балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуінің алдын алу.

Тамыз айының соңында тәртіп сақшылары білім беру ұйымдарына жақын жерлердегі жол инфрақұрылымын тексерді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың нұсқамалары бойынша жол белгілері жаңартылып, жасанды кедергілер орнатылып, жолақтар сызылды.

Жаңа оқу жылының қарсаңында мектеп автобустары да тексерістен өтті. Құзырлы органдар олардың техникалық жағдайын жоспарлы түрде бағалады. Әрбір баланы тасымалдау кезінде мұндай автобустарды патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алып жүреді.

1 қыркүйектен бастап полицейлер жас жол инспекторлары жасақтарымен және "Жас сақшы" сыныбының оқушыларымен бірге балалармен кездесулер өткізіп, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруде. Мұндай іс-шаралар өңірдегі барлық 444 мектепте, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда да ұйымдастырылды.

Айта кету керек, әрбір мектепте жас жол инспекторларының жасақтары бар. Полицейлер оларды кіші сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіру ісіне белсенді тартып отыр. Әр бала жолдан қалай өту керегін, мектепке баратын және қайтатын қауіпсіз бағытты дұрыс таңдауды нақты білуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру