Есірткі қылмысына қарсы күрес: БҚО-да сотталғандармен профилактикалық кездесу өтті
Батыс Қазақстан облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты №27 мекемеде полиция өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және кинологиялық қызмет мамандары сотталғандармен кездесу өткізіп, нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмыстары үшін заң алдында жауапкершілікті түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №27 мекемесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, полиция департаментінің қоғамдық кеңес мүшелері және кинологиялық қызмет мамандары сотталғандармен арнайы кездесу өткізді. Шараның мақсаты – сотталғандарды қателіктерін қайталамауға шақырып, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға ынталандыру.
Шара барысында нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмыстары үшін көзделген заңнамалық жауапкершілік кеңінен түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты – сотталғандардың өткен қателіктерін қайталамауына жол бермеу, оларды дұрыс өмірлік бағыт таңдауға ынталандыру.
Сонымен қатар сотталғандарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, қоғамға бейімделу жолдары және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша әңгімелер жүргізілді. Мамандар нашақорлықтың жеке адамға, отбасыға және қоғамға тигізетін зиянын жан-жақты баяндап, есірткі қылмыстарының алдын алу шараларын атап өтті.