Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция республикалық тасжолдарда бақылауды күшейтті

Қарағанды облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаменті "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі мақсат – жүргізушілерді шаршаңқы күйде көлік тізгіндеуден аулақ болуға шақыру. Себебі жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – рөлде ұйықтап кету.

Іс-шара аясында жол бойында жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Кез келген жүргізуші қан қысымын, тамыр соғысын тексеріп, қажет болса медициналық көмек ала алды.

Республикалық маңызы бар трассаларда бақылау күшейтілді. Бұған дейін Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 11 автопатруль қызмет атқарса, қазір олардың саны 20-ға дейін артты. Әрбір 25 шақырым сайын жол полициясының наряды кезекшілік етуде.

Рейдке журналист әрі блогер Иван Стрижаков қатысып, полицейлердің қызметімен жақыннан танысты.

Полиция қызметкерлері жүргізуші тек өз өміріне ғана емес, жолаушылардың және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың тағдырына жауапты екенін ескертеді.

Өз өміріңізді сақтаңыз, жақындарыңызды қорғаңыз. Жол қателікті кешірмейді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру