Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халыққа жадынамалар таратты.

Мұндай шаралардың мақсаты - халық арасында алаяқтардың іс-әрекетін әшкерелеп, алаяқтық қылмыстарын болдырмау мен алдын алу. Бұл деген тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп көмек беріп жатқандығының бір дәлелі.

Интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, осы бағытта жүйелі жұмыс ұйымдастырып, қылмыстарды ашуға бағытталған шаралар қабылдау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен тергеу және криминалды полиция бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған тұрақты "Киберпол" жедел-тергеу тобы құрылып, жұмыс жасауда.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп отыр. Қылмыскерлердің көп таралған әдістері: әлеуметтік желілерге жалған хабарландырулар орналастыру; интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету; инвестицияға пайда көру мақсатында ақша салу; мессенджерлерге күмәнді сілтемелер жолдау арқылы.

Өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде азаматтарға қоңырау шалып, жеке деректерді иемденіп, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу және алаяқтықтың жаңа түрлері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабардар етілгенімен тұрғындардың алаяқтардың құрығына түсіп жатқан жағдайлар жиі кездесуде.

Сондықтан полиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттерге қарсы күресті күшейтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру