Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғындары полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін күн сайын алғыс білдіреді

Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін күн сайын алғыс білдіреді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Павловна Аристова қалалық Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нариман Ароновқа өз ризашылығын білдірді.

– Мен шын жүректен Нариман Ерғалиұлына алғыс айтамын. Ол біздің аудан тұрғындарына әрдайым жанашырлықпен қарап, кәсібилігімен ерекшеленеді. 31 тамыз күні Павел Васильев атындағы саябақта туындаған жанжал кезінде ол менің мәселемді әділ әрі қысқа мерзімде шешуге көмектесті. Уақтылы берген кеңестері мен сауатты іс-әрекеттерінің арқасында жағдай дұрыс шешімін тапты. Оның адалдығы мен әрқашан көмекке дайын болуы біз, тұрғындар үшін үлкен сенім мен құрмет туғызады, – деп жазды қала тұрғыны өз алғыс хатында.

Өз кезегінде тәртіп сақшысы:

– Азаматтардан шынайы ризашылық сөздерін есту – әрбір полицей үшін ең жоғары марапат, – деп атап өтті.

Мұндай мысалдар қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен еңбектің маңыздылығын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру