Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында оқушыларға есірткінің зияны туралы профилактикалық дәріс өткізілді

Талдықорғанда оқушыларға есірткінің зияны туралы профилактикалық дәріс өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері №5 лицейінің 9–10 сынып оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақтың салауатты көзқарасын қалыптастыру және есірткі заттарын қабылдауға деген теріс ұстанымды орнықтыру.

Полицейлер оқушыларға есірткінің зияны мен оны қолданудың ауыр салдары жайлы жан-жақты түсіндіріп, саналы таңдау жасаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, есірткі таратуға қатысқан жағдайда, оның ішінде жарнама мен “қойма” деп аталатын әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынына ерекше назар аударылды.

Түсінікті болу үшін оқушыларға есірткіге тәуелділіктің салдарын нақты мысалдармен көрсеткен бейнеролик ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тәуелділіктен азат ұрпақ қалыптастыруға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру