Елордада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады
Елордада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 55 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол пәтерге кілттаңдау әдісі арқылы кіріп, “Soniva-10” және Samsung екі ноутбугін ұрлап, осылайша 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Күдіктінің жеке басы бет-әлпетті тану жүйесі арқылы анықталды. Ұрланған заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуды, сенімді құлыптар орнатуды және қосымша қауіпсіздік жүйелерін пайдалануды ескертеді.